Алматы мен Алматы облысында тұрғындар жарықсыз қалды

Фото: depositphotos.com

Алматы мен Алматы облысының бірқатар тұрғыны 14 тамыз күні электр энергиясынсыз қалды. Бұған электр беру желілерінің апатты түрде ажыратылуы себеп болған, деп хабарлайды 24KZ.

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мәліметінше, 14 тамызда сағат 14:38-де «KEGOC» АҚ-қа тиесілі 500 кВ кернеулі Л-5400, Л-5300 және Л-5320 әуе электр беру желілерінде апатты ажырату болған.

Осының салдарынан «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ желілерінде апатқа қарсы автоматика (САОН, АЧР) іске қосылып, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бірқатар тұтынушы электр энергиясынан ажыратылған.

Апатқа қарсы автоматика жұмысының нәтижесінде 300 МВт электр жүктемесі ажыратылған.

Алматы облысында жарықсыз қалған аудандар:

·         Жамбыл ауданы;

·         Балқаш ауданы;

·         Есік ауданы;

·         Қарасай ауданы;

·         Шелек ауданы;

·         Райымбек ауданы;

·         Ұйғыр ауданы;

·         Іле ауданы;

·         Кеген ауданы;

·         Талғар ауданы.

Алматы қаласында жарықсыз қалған аудандар:

·         Бостандық ауданы;

·         Наурызбай ауданы;

·         Әуезов ауданы;

·         Алатау ауданы.

Қазіргі уақытта «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мамандары тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуді қалпына келтіру бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.