Түркістанда алаяқтар медицина ұйымының басшысынан 15 млн теңге бопсалады

Фото: depositphotos.com

Түркістан облысында медицина мектемесі басшысынан ақша талап еткен екі алаяқ ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».

Екі адам өздерін Қаржылық мониторинг агенттігі қызметкерлері ретінде таныстырып, заң бұзушылықтар анықтадық деп, медициналық ұйымдардың бірінің басшысынан 15 млн теңге көлемінде ақша талап еткен.

5 млн теңгені алғаннан кейін алаяқтар қалған 10 млн теңгені беруді талап еткен.

8 тамызда оларды Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері Агенттіктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, қылмыс үстінде ұстады.

Сот сыбайластарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

ҚМА ескертеді: жауапкершілікке тартамыз деп қорқытып немесе жазадан құтылуға көмектесеміз деп уәде беріп, ақша талап ету — заңсыз әрекет.
Мұндай деректер туралы ҚМА Call-орталығына 1458 нөмірі арқылы дереу хабарлау қажет.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз