Астанада ЛРТ және автобустарда жүру бір күнге тегін болады
Астана қаласында 23 тамыз күні қоғамдық көліктерде жүру тегін болады. Жолақы төлеу міндеті автобустарда және Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігінде алынып тасталады, деп хабарлайды«24KZ» City Transportation Systems-ке сілтеме жасап.
Тегін жүру мүмкіндігі бір күнге - Қазақстанның Құрылтай депутаттарын сайлау күніне енгізіліп отыр. CTS бұл шешімді сайлау учаскелерін қала тұрғындары үшін қолжетімді ету қажеттілігімен түсіндірді.
Жол жүру ақысы Tarlan Astana LRT желісінде, қалалық автобус маршруттарында, экспресс-автобустарда және пригородтық бағыттарда тегін болады.
Бұл шара азаматтардың қала ішіндегі қозғалысын ыңғайлы етуге және сайлау учаскелерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған, - деп хабарлады CTS компаниясы.