Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді
Мәжілістің соңғы шақырылымының экс-депутаты Бақытжан Базарбек Жамбыл облысында күні кеше орын алған өзінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына түсінік берді. Ол өз парақшасында үндеу жариялады, деп хабарлайды 24KZ.
Базарбек апатқа байланысты пайда болған көптеген хабарламалар мен түрлі болжамдарға жауап бере алмайтынын атап өтті.
Менің қатысуыммен болған ЖКО-ға қатысты туындаған көптеген ойдан шығарылған әңгімелер мен қауесеттерге жауап бере алмаймын, әрі көп нәрсені жаза алмаймын. Қозғалған сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында мен және жұбайым сотқа дейінгі тергеу мәліметтерін жария етпеу туралы қолхатқа қол қойдық», - деп жазды ол. Оның айтуынша, тергеу жұмыстары жалғасуда, қазіргі уақытта қажетті сараптамалардың жүргізілуі күтілуде.
Тергеу органдары заңға сәйкес болған оқиғаның барлық мән-жайына объективті әрі әділ баға береді деп сенемін, - деп атап өтті Базарбек.
Ол сондай-ақ қазіргі уақытта өзі үшін бастысы зардап шеккен адамның жақындары мен туыстарының қасында болып, оларға қажетті көмек көрсету екенін айтты.
Біз бірнеше тәулік бойы ұйықтаған жоқпыз және оның туыстарымен бірге ол үшін дұға етіп, сауығып кетуін тілеп отырмыз.
Базарбек аудандық аурухананың дәрігерлеріне, сондай-ақ көрсетілген шұғыл медициналық көмек үшін Денсаулық сақтау министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасына жеке алғысын білдірді.
Әлеуметтік желілерде әртүрлі нұсқалар, пайымдаулар қазірдің өзінде аз емес. Асығыс қорытынды жасамауды және тек ресми ақпарат пен тергеу нәтижелеріне ғана сенуді сұраймын. Осындай қиын күндері бізге алаңдап, қолдау көрсетіп, көмектесіп жатқандардың барлығына рақмет, - деп баса айтты Базарбек.