Елде орақ науқаны былтырғыдан екі есе жылдам жүріп жатыр
Елде орақ науқаны былтырғыдан екі есе жылдам жүріп жатыр.
Президент тапсырмасына сәйкес, Үкімет науқанның ойдағыдай өтуін қамтамасыз ету үшін тиісті шараларды қолға алды. Қазір диқандар 2,6 млн гектар алқаптағы дәнді дақылды қамбаға құйды. Былтырғы жылдың осы уағында 1,3 млн гектар егін орылған еді. Орташа түсім гектарына 14,6 центнерден айналып отыр. Бұдан бөлек 513 мың тонна картоп, 1,1 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды. Ал егістіктерді әртараптандыру нәтижесінде бидай алқабы 875 мың гектарға кеміді.