«Әйелге қол көтеру – адамдықтың ең төменгі шегі»: Димаш Құдайберген өткір пікір білдірді
Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі ресми парақшасында қоғамдағы өзекті мәселе – әйелдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты өткір пікір білдірді. Өнер иесі бұл әрекеттерді батыл айыптап, мұндай қылыққа баратындардың әрекетін қатаң сынға алды, деп хабарлайды «24KZ».
Әнші өз жазбасында әйел затқа қол көтеріп, оны мақтан тұтатындардың азаматтық келбеті мен ар-ұятына қатысты ойын ашық жеткізді.
Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес — малсыңдар болды. Әйелге әлімжеттік жасап абырой жинаймын деу - адамдықтың ең төменгі шегі! – деп жазды Димаш Құдайберген.
Бұл мәлімдеме әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсіп, көпшілік тарапынан қолдау тапты. Оқырмандар мен қоғам белсенділері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте танымал тұлғалардың пікір білдіруі маңызды екенін атап өтуде.