Жолда көлік бұзылса не істеу керек? «ҚазАвтоЖол» жаңа қызметті іске қосты

Фото: depositphotos.com

Республикалық маңызы бар жолдарда жүргізушілерге техникалық көмек көрсететін жаңа сервис іске қосылды. Пилоттық жоба әзірге Астана – Аршалы және Астана – Теміртау бағыттарында жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды 24KZ.

«ҚазАвтоЖол» жол бойында көлік бұзылып қалған жағдайда көмек көрсететін арнайы техникалық экипаждарды іске қосты. Арнайы қызғылт сары пикаптар қажетті құрал-жабдықтармен және жарық сигналдарымен қамтылған.

Көлік жолда өшіп қалды, дөңгелек жарылды немесе желі шықты, сүйреп әкету қажет болды не басқа да күтпеген жағдай туындады делік. Енді жүргізуші «ҚазАвтоЖолдың» байланыс орталығына қоңырау шалып, өзінің орналасқан жері мен туындаған мәселені операторға хабарлай алады, - делінген хабарламада.

Қызметті пайдалану үшін жүргізуші 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалып, өзінің орналасқан жерін, қозғалыс бағытын және мәселенің сипатын хабарлауы керек. Техникалық көмек тегін көрсетіледі.

«ҚазАвтоЖолдың» мәліметінше, жаңа сервистің негізгі мақсаты – жолда амалсыз тоқтап қалған көліктерге жедел көмек көрсетіп, жол қозғалысына төнетін қауіпті азайту.

Пилоттық жоба барысында қызметке деген сұраныс пен экипаждардың әрекет ету уақыты сараланады. Жиналған тәжірибе кейін республикалық автожолдардағы техникалық көмек жүйесін кеңейту кезінде ескерілмек.