Салық төлеуден жалтарған азамат Ресейден экстрадицияланды

Салық төлеуден жалтарған қазақстандық Ресей Федерациясынан экстрадицияланды.

Бас прокуратураның хабарлауынша, күдікті 2022-2023 жылдары коммерциялық ұйымның директоры болып, кірістер декларациясын бұрмалаған. Сол арқылы 290 миллион теңгеден астам сомаға салық төлеуден жалтарғаны анықталды.  Кейін жауапкершіліктен қашып, халықаралық іздеуге жарияланды. Биыл қаңтарда ол Краснодар қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі күдікті тергеу изоляторына қамалды.