Елордада 517 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп тұр. LIVE
Солардың бірі - №102-ші «Келешек» мектеп базасында. Бұл жерде Сарайшық ауданының тұрғындары өз таңдауларын жасап жатыр.
Ернар Байсафа, №274 учаскелік комиссия төрағасының орынбасары:
- Біздің учаскемізде дауыс берушілер үшін бар жағдай жасалған. Есту қабілеті бұзылғандар үшін құлаққап, нашар көретіндерге лупа қойылған. Яғни, келген азамат өз таңдауын еркін жасайтындай жағдай қарастырылған. Дауыс беру басталғанға дейін учаскемізге тіркелген азаматтардың үйлеріне барып, арнайы шақырту қағаздарын да табыстадық. Қазір, міне, барлығы белсенді түрде келіп жатыр.