Елде Құрылтай есімді 10 адам тұрады

Елімізде Құрылтай есімді 10 адам бар. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлаған болатын. Олардың алтауы  ер адам, төртеуі әйел.

Есімі бірегей азаматтардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тұрады. Екеуі Алматыда. Ал Абай, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау өңірлерінің әрқайсысында бір адамнан тіркелген. Жас ерекшелігіне келсек, бесеуі алпысты алқымдаған азамат. Ең үлкені  сексенде.