Волонтерлер сайлауға үн қосты
Атырауда Құрылтай сайлауына волонтерлер де үн қосты. Жиырмаға жуық ерікті мүгедектігі бар азаматтарды инватаксимен сайлау учаскесіне тасымалдап, дауыс беруіне жәрдем етіп жүр.
Облыс орталығында тұрғылықты жері бойынша учаскелерге жеткізу қызметіне 12 өтініш түскен. Жалпы өңірде мүгедектігі бар 3244 азамат дауыс беру құқына ие болды.
Мейрамгүл Есниязова, волонтерлер ұйымының жетекшісі:
- Волонтерлердің көмегімен осы сайлау учаскелеріне, арнайы автоволонтерлердің көмегімен, сонымен қатар әлеуметтік волонтерлердің көмегімен келіп, қолдауымен келіп, дауыстарын беріп, қазіргі таңда сондай жұмыстарды ұйымдастырып жатырмыз. Енді Атырау облысы бойынша волонтерлікке қызығушы топтар қазіргі таңда өсіп келеді.