Құрылтай әже дауыс берді
Жамбыл облысында Құрылтай есімді әже дауыс берді. 70 жастағы кейуана Рақым Сәбденов ауылында тұрады.
Есепші мамандығын меңгеріп, еңбек жолын «Асыл тұқымды қой зауытында» қызмет атқарған. Қазыналы қарттың есімін елмен етене араласып, көпшіл болсын деген ниетпен атасы қойған. Расында әжей бүгінде ауылына сыйлы, әулетінің ұйытқысы. Ол жолдасы Қалибай ақсақалмен бес бала тәрбиелеп, 20 немере сүйіп отыр. Қария: «Бүгінгі сайлау – ел ертеңі үшін жарқын жол», - дейді. Сондықтан өзі де таңдау жасап, дауыс берді. Жалпы елде Құрылтай есімді он адам бар. Оның алтауы ер адам болса, төртеуі – әйел. Олар Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында тұрады.
Құрылтай Амантаева, Рақым Сәбденов ауылының тұрғыны:
- Көпшілік болсын әрдайым. Сол мағынада маған атымды қойып берген. Мен үшін бұл — үлкен азаматтық жауапкершілік. Денсаулығыма байланысты әкеп отырсыңдар. Өз таңдауым бойынша әйтеуір дауыс беріп отырмын. Әр адамның дауысы маңызды ғой.