Мұғалімдер оқу процесіне қатысы жоқ шаруадан арылады
Педагогтерді ығыр қылатын қағазбастылық пен бітпейтін есептен босату керек. Бұған қоса аттестациядан өту талабы мен басқа да пайдасыз тексерістердің керегі жоқ.
Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп, мұғалімдерді жөндеу жұмыстарына, оқу процесіне тікелей қатысы жоқ түрлі қоғамдық іс-шараларға тартуға жол беруге болмайтынын айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, Оқу-ағарту министрлігі мен әкімдіктер басқармалары құқықтық-нормативтік актілер және саланы реттеу базасын жетілдірумен айналысу керек. Сондай-ақ оқу үдерісін тиімді ұйымдастырумен және білім беру бағдарламаларын мұқият саралауға да баса мән берілуге тиіс.