Қазақстан мұғалімдердің беделін нығайтқан елдер ішінде екінші орында тұр

Қазақстан мұғалімдердің беделін нығайту көрсеткіші жөнінен екінші орында тұр. Мұндай зерттеу нәтижесін Teaching and Learning International Survey ұйымы жариялаған.

Ұстаздардың еңбекақыға қанағаттану өлшемі бойынша еліміз әлемдегі алғашқы бес мемлекеттің қатарына кіреді. Атап айтқанда, ұстаздардың 95 пайызы өз жұмысына көңілі толатынын айтқан. Ал 80 пайызы осы мамандықты қайта таңдауға дайын екенін жеткізген. Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалімдерді жан-жақты қолдау үшін белсенді жұмыс атқарылып жатқанын айтады. Мәселен, «Педагог мәртебесі туралы» арнайы заң қабылданды. Биыл бұл құжатқа толықтыру енгізіліп, ұстаздарға қосымша құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер берілді. Сондай-ақ 5 қазан мұғалімдердің кәсіби мерекесі ретінде нақты бекітілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президент:

- Мемлекеттік марапаттар тізіміне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағы енгізілді. Бұл мәртебелі наградамен марапатталған тұлғаларға қомақты сыйақы беріліп жатыр. Қазірдің өзінде 100-ге жуық мұғалім марапатталды. Басқа да лайықты ұстаздар мемлекет назарынан тыс қалмай, осы құрметті атаққа ие болары күмәнсіз. Соңғы үш жылда еліміздегі 3 мұғалімге ең жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бұл ұстаздар қауымына деген айрықша құрметтің белгісі екені сөзсіз.

Сондай-ақ оқыңыз: