Ескі көліктер қайта өңдеуден өтеді

Елде 250 мыңнан астам ескі көлік утилизациядан өтті. Бұл қоршаған ортамен қатар жолаушылар мен жүргізушілердің қауіпсіздігіне оң ықпал етеді, - дейді жауаптылар.

Алда көрсеткіш көбейе түседі. Қазір Утилизация 2.0 бағдарламасы әзірленіп жатыр. Онда қайта өңделетін өнім көлемін арттырып, көлік басына берілетін соманы көбейту көзделген. Мұндай мөлшерді Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мамандары жыл сайын нарықтағы орташа бағаға қарап белгілейді.

Арслан Бесжанов, «Жасыл даму» АҚ ПШҚҚ және ПШӨАШТ-Жұмысты ұйымдастыру департаментінің директоры:

- Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бекіткен бойынша 2026 жылғы жеңілдік сертификатын беру бойынша автокөліктердің ставкасы көлемі жеңіл автокөлік - 315 мың, жолаушылар көлігі - 550 мың теңге, ірі жолаушылар көлігі - 750 мың теңге,  жүк көліктері - 550 мың, ауыр жүк көліктері - 750 мың теңгеге дейін барады. Тракторлар 1 млн-нан 1,5 млн-ға дейін.

Сондай-ақ оқыңыз: