Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады, деп хабарлайды 24KZ.
2026 жылғы 26 тамыздағы мәлімет бойынша, есепті аптада пияздың бағасы 4,8%-ға, ақ қауданды қырыққабат 4,6%-ға, картоп 2,9%-ға, сәбіз 2,4%-ға, ал алма 1,1%-ға төмендеген.
Өңірлер бойынша да бағаның төмендеуі байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің орташа бағасы бір апта ішінде Қонаевта 0,4%-ға, Атырау, Жезқазған және Көкшетауда 0,2%-ға арзандаған.
Ал Алматы, Қызылорда, Орал және Өскемен қалаларында баға 0,1%-ға төмендеді.
Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Тараз, Талдықорған және Түркістан қалаларында азық-түлік бағасы өткен аптадағы деңгейде сақталды.