Колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп маман даярлайды
Қазақстанның тау-кен саласында білікті кадр қат. Өндірістегі бұл олқылықтың орнын енді жастар толтыруы тиіс.
Қазір олар техникалық және кәсіптік білім беру колледждерінде сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп жатыр. Демек білім мен өндіріс етене байланыс орнатады. Колледждер жұмыс берушімен бірлесіп, оқу бағдарламаларын әзірлейді. Ал студенттер болса, теориямен шектеліп қана қоймай, өндіріс орындарында тәжірибеден өтеді. Заманауи техника мен технологияларды да сол жерде меңгереді. Бұл тәсіл жас мамандардың еңбек ұжымына тез бейімделіп, оқу бітірген бойда өндірісте жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Әлия Сәттібаева, Шахтинск технологиялық колледжінің директоры:
- Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде жұмыс берушілермен бірлескен индустриялық кеңестер бар. Біз сол кеңестерде барлық мәселені талқылаймыз. Оқу үдерісін мемлекеттік стандартқа сай ұйымдастыра отырып, жұмыс берушілердің талаптарын да ескереміз. Өйткені біз еліміздің өнеркәсіп саласына қажетті мамандарды даярлаймыз. Сондықтан өндірістің сұранысына сай кадр даярлау – біздің басты міндетіміз.