БҚО: үш ауыл сапалы ауыз сумен қамтылды

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Төлен, Сәуле және Қарақамыс ауылдарының халқы

мейірі қанып мөлдір су ішетін болды. Екі мыңға жуық тұрғыны бар елдімекендерге таза ауыз су тартылды. Құрылысқа 2 миллиард 200 миллион теңге жұмсалды. Қажетті қаржының 80 пайызы  арнайы қордан, яғни мемлекетке қайтарылған заңсыз активтер есебінен бөлінді. Жоба аясында 4  ұңғыма қазылып, 63 шақырым  магистральды құбыр, 30 шақырым ауылішілік құбыр жүргізілді. Қазір таза су барлық үйге кіргізілді. Осылайша Қаратөбе ауданы сапалы ауыз сумен толықтай қамтылып отыр.

Мүкарама Сахипова, Сәуле ауылының тұрғыны:

- Бізге ауылымызға су келіп жатыр. Өте қуаныштымыз. Бұрында он бес шақырым жерден су таситын едік. Судың қадірін білеміз біз, қалай келетінін. Құдықтарымыз бар, бірақ деген мал ғана ішеді, ащы су еді. Көп-көп рақмет үкіметімізге!

Сондай-ақ оқыңыз: