Шымкентте «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтті

Шымкенттіктер де республикалық «Таза жағалау» акциясына үн қосты.

Қошқар-Ата өзенінің бойында ұйымдастырылған сенбілікке экологтар, белсенділер, мемлекеттік қызметшілер мен коммуналдық қызмет мамандары қатысты. Акция барысында өзен арнасы мен жағалауы қоқыстан тазартылып, қураған ағаштар жиналды. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары Қошқар-Ата өзенінің жағалауы айтарлықтай тазарып келеді. Мұндағы тазалық пен тәртіпті коммуналдық қызметтер ғана емес, бейнебақылау камералары да қадағалайды. Жалпы өңірде жыл басынан бері 2 мың тоннадан астам қоқыс жиналған.

Ермахан Қозыбаев, Шымкент қалалық Экология департаментінің басшысы:

- Жалпы жыл басынан бері 230 мыңнан аса қала тұрғындары жұмылдырылды. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілер бар, қала тұрғындары бар және басқа да қызметшілер бар. 1400-ден аса техника жұмылдырылып, қорытындысымен 2 мың тоннадан аса қалдықтар жиналды. Ол қалдықтардың барлығы тиісті орындарға залалсыздандырылды.

Сондай-ақ оқыңыз: