Ақтаудан Ыстанбұлға әуе рейстері күзде қайта іске қосылады
FlyArystan Ақтау – Ыстамбұл бағыты бойынша тікелей әуе рейстерін қайта іске қосады, деп хабарлайды 24KZ.
Алғашқы рейс Ақтаудан 22 қазанда орындалады. Ал 27 қазаннан бастап рейстер тұрақты түрде аптасына екі рет – сейсенбі және сенбі күндері қатынайды.
Тұрақты кестеге сәйкес, сейсенбі күндері ұшақ Ақтаудан сағат 08:40-та ұшып, Ыстамбұлға 10:35-те қонады. Кері рейс Ыстамбұлдан 11:40-та ұшып, Ақтауға 17:05-те жетеді.
Сенбі күндері Ақтаудан ұшу уақыты – 08:35. Ұшақ Ыстамбұлға 10:30-да қонады. Кері рейс 11:15-те ұшып, Ақтауға 16:40-та келеді.