Елде егін жинау науқаны жалғасып жатыр
Бүгінге дейін диқандар 7,7 млн тонна астық пен 5,5 млн гектар дәнді дақыл жинап үлгерді.
«Бұл – былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2 есе жоғары», - дейді жауапты ведомствоның өкілдері. Сондай-ақ майлы және көкөніс-бақша дақылдарын жинау жұмыстары да қарқынды жүріп жатыр. Мамандар түскен өнімнің сапалы екеніне айырықша назар аударады. Қазір егістіктердің жай-күйі, қажетті ресурстармен қамтылуы, астықтың көлемі мен сапасы және жалпы егін науқанының үдерісі – Ауыл шаруашылығы министрлігінің тұрақты бақылауында.