Шетелден көлік әкелудің қиындауына не себеп?

Қазақстанға шетелден көлік әкелу қиындай түспек.

Мемлекеттің талаптарды қатаңдатуына заңсыз көліктердің көптеп кіруі себеп. Мәселен, елге әкелінген автомобильдердің ішінде шетелде іздеуде жүрген, басқа көліктің құжаттары арқылы заңсыз сатылған немесе ұрланған көліктер бар. Мамандар бұған оңай олжаға қызыққан алыпсатарлар кінәлі дейді. Темір тұлпар алу кезінде қандай ережелерге бағынған дұрыс? Алданып қалмау үшін не істеу керек?

Сырттан көлік әкеліп міну 2018 жылдары кең етек алды. Себебі азаматтарға Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобильдерді арзанға әкеліп, Қазақстанда тіркеусіз айдауға мүмкіндік болды. Солардың бірі атыраулық Нұрсұлтан Бауыржанұлы. Көлікке бала күнінен қызыққан ол, студент кезінен бастап темір тұлпар тізгіндеуге тырысқан. «Сондықтан өзіме ұнаған модельді шетелден тиімді бағаға сатып алдым» дейді ол. 

Нұрсұлтан Бауыржанұлы, Атырау қаласының тұрғыны:

- Мініп жүрген көлігім тойота альфард. 4 млн-ға алып қалдым. Мысалы, салонда машиналар бар ғой. Мен оны сегіз миллионға алғанша төрт миллионға мынаны алып, жайлылықпен комфортпен жүрмеймін бе?

Жасыратыны жоқ, отандастарымыз кезінде Армения мен Грузиядан арзан көлік әкеліп мінді. Қазірдің өзінде автосын шетелдік тіркеуден шығармай мініп жүрген азамат көп. Тіпті олардың саны артып кеткендіктен заңдастыруға мемлекет бір рет мүмкіндік те берді. Алайда арзанның жілігі татымай қалу қаупі бар, дейді сарапшылар.

Санат Нұрбай, автосарапшы:

-  Утилсбор, первичканың құны төмен болған кезде елге жеке тұлғалар шетелден көлік әкелу бізге тиімді еді. Бірақ мына жағын ескеруіміз керек. Сол кезде алыпсатарлардың кесірінен қаншама халық зардап шекті. Өйткені сол жақта ұрланған көлік, залогта, аресте тұрған көлік қазақстанға заңсыз жолмен кіріп кетті. Одан кейін перебитый винкод дейді, техпаспорт алып алып, винкодты дәнекерлеу арқылы әртүрлі құйтұрқы әрекеттермен, қазіргі тілмен айтқанда перебитый винкодтар, двойник дейді. Егіз көліктер. Оригинал көлік, мысалы, шет мемлекетте болуы мүмкін. Мына жақта екінші көлік жүруі мүмкін. Осындай мәселелерге тап болған қазақстандық өте көп. 

Бұған бірнеше себеп бар. Алғашқысы, аталған мемлекетте халықаралық іздеу жүйелері жұмыс істемеуі мүмкін.

Ербол Сейпілов, Қазавтостандарт қауымдастығының президенті:

- Ол мемлекетте мысалы интерпол жұмыс істемейді. Сондықтан ол көліктің ұрланған, ұрланбағаны тексерілмейді. Кейін біздің мемлекетке келген кезхде бізде интерполдың жүйесі бар. Ол автоматты түрде жаңағы жүйеге түседі. Ол жаңағы көліктің осында бар болғанын көреді. Содан кейін Интерпол өз жағынан жұмысын жасайды. Ішкі істер министрлігі өз жағынан жұмысын жасайды. жаңағы көлікті тоқтатып, ұстап, бізде қызыл ақшасына сатып алған біздегі тұтынушы көлігінен айырылып қалу тәуекелі өте жоғары. 

Сондықтан ішкі істер министрлігі көлік сатып аларда мұқият болу керегін ескертеді. Алдымен, көлік құралының VIN-кодын, құжаттарын, кедендік рәсімделуін, кәдеге жарату төлемінің төленгенін, электрондық паспортын, сондай-ақ оның іздеуде бар-жоқтығын тексеру керек. Сондай-ақ авто туралы қосымша ақпаратты арнайы платформалардан да қарауға болады. Дегенмен, бұл мүлкіңіздің мұнтаздай таза екеніне кепілдік бола алмайды, дейді полицейлер.

ЦТТ:

Шетелде тіркелген көлік құралдарына қатысты тәуекелдерді толық жоққа шығару мүмкін емес. Көлік құралы Қазақстанда тіркелгеннен кейін шет мемлекеттің құзыретті органдары оны халықаралық іздеу базаларына енгізуі немесе тиісті мәліметтерді кейіннен жаңартуы мүмкін. Мұндай ақпараттың Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерінде алдын ала болуы міндетті емес және оның кейін енгізілуіне ІІМ жауапты емес. Осыған байланысты азаматтарға автокөлікті сатып алар алдында оның заңдылығын, құжаттарының дұрыстығын, кедендік рәсімделуін және КҚЭП деректерін мұқият тексеру ұсынылады. Бұл шаралар ықтимал тәуекелдерді азайтуға мүмкіндік береді, алайда шетелдік құзыретті органдардың кейіннен енгізетін мәліметтеріне байланысты барлық тәуекелдерді толық жоймайды.

ҚР Ішкі істер министрлігі

Серік Селеубайұлы, тілші:

- Ұрланған автокөлік құралы тараптардың бірінің аумағында анықталған, ұсталған немесе бұғатталған жағдайда құқық қорғау органдары қылмыстық іс жүріп жатқан елге хабар береді. Содан кейін ол автомобиль қайтарылуы керек. Яғни арзанға қызығып ақшаңыздан да, мүлкіңізден де айырылып қалу қаупі бар.

Серік Селеубайұлы

Сондай-ақ оқыңыз: