ҚМДБ 2027 жылғы қажылық маусымына төрт туроператорды іріктеп алды

фото: depositphotos.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыратын туроператорларды іріктеу қорытындысын шығарды, деп хабарлайды 24KZ ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде қажылық сапарын ұйымдастыруға төрт туроператор лайық деп танылды.

Олар: «Атлас Туризм» ЖШС, «Нұрхан Тревел» ЖШС, «Тауаф Тревел» ЖШС және «Хикмет Тревел» ЖШС.

Іріктеу кезінде компаниялардың қажылық пен ұмра сапарларын ұйымдастырудағы тәжірибесі, қызмет көрсету көрсеткіштері, туркодтары мен лицензияларының жарамдылығы ескерілді. Сондай-ақ туроператорлардың ұйымдастырушылық мүмкіндігі мен Сауд Арабиясы тарапынан қойылатын талаптарға сәйкестігі бағаланды. Комиссия үміткерлерді балдық жүйе бойынша саралап, қажылық орындарын бөлді. Негізгі мақсат – қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, олардың Сауд Арабиясындағы қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету.

Іріктеуден өтпеген туроператорларға да қажылық сапарын ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Олар белгіленген тәртіппен аталған төрт компанияның бірімен субагенттік негізде жұмыс істей алады.

Сондай-ақ оқыңыз: