Қазақстанға 2027 жылы қажылыққа 4 300 орын бөлінді

depositphotos.com

Қазақстанға 2027 жылы қажылық парызын өтеуге 4 300 орын бөлінді, деп хабарлайды «24KZ».

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді.

Тиісті келісімге ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан әр-Рабиа қол қойды.

Құжат екі ел арасындағы қажылық сапарын үйлестіруді, қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз етуді, қауіпсіздік және медициналық талаптарды сақтауды көздейді. Сондай-ақ қажыларды орналастыру, тасымалдау және қажылық кезінде қажетті қызметтерді ұйымдастыру мәселелері қамтылған.

Сондай-ақ оқыңыз: