ШҚО-да қараусыз жүрген мал жол апатына себепкер болып отыр

Мал да қараусыз жүрмеуі тиіс.

Шығыс Қазақстанда биылдыққа 31 жол апаты осы иесіз малдың кесірінен болған. Бір тәуірі, адамдар аман.

Бірақ төрт түліктің иелері апат болды екен деп алаңдап жатқан жоқ. Трассаның бойында уақ мал да, ірі қара да қаптап жүр.  

Сауырбай Сахариев Өскеменнің іргесінде ақ жылқы бағып бие сауып, шаруасын дөңгелетіп келеді. Тұяқтының бір орнында тұрмайтынын ол жақсы біледі. Жылқысын тау жаққа айдап апарып тастағанымен малы талай рет жолға шығып, апатқа себепші болған. Осы күнге дейін бес адамның автокөлігін қалыпқа келтіріпті. Шаруа малға сақ болуға тырысамын, алайда көлік жүргізушілері де  жылдамдықты асырмаса деген ниетте.

Сауырбай Сахариев, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Ограничение бар ғой, облыстық трасса 110 ал олар 130-140 - пен кеп қақса да мен виноват. Тау жаққа айдаймыз,сағат екіде шығамыз трассаға жеткізбей мына жаққа 5-6 км айдаймыз, содан соң ертіп трассаға шығармай, қағып аламыз.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, мұндай жол апаты кезінде барлық тараптың жауапкершілігі сарапталады. Жыл басынан бері қараусыз жайылып жүрген бес мыңнан астам мал арнайы қамаққа жеткізілген.

Батырбек Қадыров, ШҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы:

- Иесіз малды жібере салады иелері  малды қарамайды сол себептен көлік оқиғасы көп орын алып жатыр Адамдар зардап шекпеген бірақ дегенмен  мұнда шығындар бар+оның көлемі 5 миллион теңгеден 15 миллион теңгеге дейін болып қалады,себебі жаңа машиналар болады. 

Әсіресе Қатон-Қарағай, Ұлан аудандарында бей-берекет жүрген мал жиі ұшырасады дейді тәртіп сақшылары. Дегенмен, республикалық жол бойында көлік апаты едәуір азайған. Өйткені жолшылар бұл жаққа  арнайы қоршау тартып жатыр.

Алмас Қасенов, “Қазавтожол” ҰК ШҚО филиалы директорының орынбасары:

- Қалбатау-Майқапшағай жолының 115 шақырымына және  Алматы-Өскемен жолына 17 шақырымына 17 шақырымына және Абай облысын байланыстыратын Өскемен-Семей жолының 6 шақырымына осы қоршаулар орнатылды. 

Осылайша қазір күре жолдың жалпы 138 шақырымы тормен қоршалды. Енді осындай сақтық іс-шарасы облыстық маңыздағы жол бойында да қолға алынса, дейді ауыл тұрғындары. 

Эльмира Ахметова, Жігер Бабаханов

Сондай-ақ оқыңыз: