Елімізге келген туристер адаспайды
Туристерге 268 мыңға жуық QR-коды бар карта таратылды.
Елге келген туристер адаспайды. Көліктегі полиция қызметі жыл басынан бері 270 мыңға жуық шетел азаматына QR-коды бар туристік карта таратты. Карта ұшақтан түскен бойда табысталады. Ондағы QR-код арқылы турист полиция, жедел жәрдем, құтқару қызметтерінің байланыс номерлері, сондай-ақ көші-қон тіркеу ережелері, такси және ұялы байланыс операторларының тізіміне қол жеткізеді. Жеке қауіпсіздік бойынша ұсынымдар да көрсетілген.
Асқар Жұмабеков, ҚР ІІМ көліктегі ПД Астана қ. әуежайындағы басқарма бастығы:
- Халықаралық әуежайларда, жолаушылар пойыздарында және теміржол вокзалдарында кюар коды бар туристік карточкалар таратылады. Ол жерде сейв тревел.кз сайтына сілтеме жасалады. Ол жерде қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде шетел азаматтарына керекті мәлімет көрсетілген.