Конституциялық Сот көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы мәселесін қарайды
Конституциялық Сот Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 93-бабы 1-тармағының бірінші бөлігінің және 94-бабы 1-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдады, деп хабарлайды «24KZ».
Өтініш иесі кеңестік кезеңде алты және одан да көп баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелегені үшін марапатталған көпбалалы аналар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес марапатталған аналармен жәрдемақы алу құқығы бойынша тең құқықтарға ие болуы тиіс деп есептейді, -делінген Конституциялық Соттың хабарламасында.
Конституциялық Соттың мәліметінше,қарау нәтижелері туралы Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында хабарланатын болады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз