Астанада Enrique Iglesias концертіне арнайы шаттл-автобустар қатынайды
Ертең, 3 қыркүйекте Астанада әлемге әйгілі әнші Enrique Iglesias-тің концерті өтеді. Көрермендерге қолайлы жағдай жасау үшін арнайы шаттл-автобустар ұйымдастырылады, деп хабарлайды «24KZ».
Концерт сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында басталады. Арнайы автобустар сағат 16:00-ден бастап жолаушыларды қаланың төрт нүктесінен концерт өтетін орынға жеткізеді.
Шаттл-автобустар мына орындардан қатынайды:
· Елорда циркінің жанындағы автотұрақ;
· «Әзірет Сұлтан» мешітінің жанындағы автотұрақ;
· Қажымұқан көшесіндегі «Қазақстан» спорт кешенінің жанындағы автотұрақ;
· «Нұр-Сұлтан» мешітінің (Бас мешіт) жанындағы автотұрақ.
Концерт аяқталғаннан кейін көрермендер осы бағыттар арқылы кері жеткізіледі. Шаттл-автобустар концерт басталғанға дейін де, аяқталғаннан кейін де екі бағытта қатынайды.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, қосымша көлік бағыттарын ұйымдастыру жолдардағы жүктемені азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының концерт өтетін жерге қауіпсіз әрі жайлы жетуіне мүмкіндік береді.
Сонымен қатар көрермендер «Астана Аренаға» жету үшін «Тарлан Астана» жеңіл рельсті көлік қызметін пайдалана алады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз