Өскеменде қоғамдық көлік ақысы қымбаттауы мүмкін

фото: depositphotos.com

Өскеменде қоғамдық көлікте жүру ақысының жаңа тарифтері талқыланып жатыр. Қоғамдық тыңдау 15 қыркүйекке дейін «Ашық НҚА» порталында өтеді, деп хабарлайды 24KZ.

Жаңа тарифке сәйкес, жолақы қолма-қол ақшасыз төлем кезінде 120 теңге, ал қолма-қол төлеген жағдайда 200 теңге болуы мүмкін.

Қазір қаладағы жолақы тиісінше 90 және 130 теңге.

Бастапқыда тарифті 1 қыркүйектен бастап көтеру жоспарланған еді. Алайда өзгеріс қазан айының басына дейін кейінге шегерілді.

Жаңа тариф бойынша түпкілікті шешім қоғамдық талқылау аяқталғаннан кейін қабылданады.

Сондай-ақ оқыңыз: