5 520 теңгеден 116 теңгеге: Қостанай облысында ауыз су тарифі күрт төмендеді

Фото: depositphotos.com

 Қостанай облысының Денисов ауданындағы Глебовка ауылы тұрғындары үшін ауыз судың тарифі бір текше метріне 5 520,59 теңгеден 116 теңгеге дейін төмендетілді. Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

 Тарифтің төмендеуіне Денисов ауданы прокуратурасының қабылдаған шаралары себеп болған.

 Бұған дейін жоғары тариф ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлік субъектілеріне елеулі қаржылық салмақ түсірген. Заңнамада ауыз судың құнын субсидиялау көзделгенімен, Глебовка ауылындағы сумен жабдықтау қызметтерінің тарифін төмендету бойынша уақтылы шаралар қабылданбаған.

 Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде Глебовка ауылындағы ауыз су тарифі субсидияланатын тарифтер тізбесіне енгізілді.

 Қабылданған шаралардың нәтижесінде ауылдың 430 тұрғынының, оның ішінде 21 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары қорғалды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: