Непалда құрбандар саны 1200 адамға жетті

Непалда тасқын мен лай көшкінінен опат болған адам саны 1 мың 200-ге жетті.

Тағы 4 мыңнан астамы ұшты-күйлі жоқ. Құтқарушылар қазір гидроэнергетикалық нысандардағы жерасты тоннельдерін тексеріп жүр. Өйткені мұнда жұмысшылар қалып қоюы мүмкін. Мамандар әлі де адамдарды құтқарып қаламыз деген үмітте. Күні-түні тынымсыз жұмыс істеп жатыр.  Апат болған аймақтарда байланыс, электр және көлік жүйелері жөнделіп жатыр

Сондай-ақ оқыңыз: