Қостанай облысында өндірістегі оқыс оқиғалар тіркеуге алынбаған

Қостанай облысында жұмыс берушілер өндірістегі оқыс оқиғаларды жасырған. Жұмыста жүріп жарақат алғандарға қатысты 26 дерек ресми тіркеуге алынбаған.

Сондай жазатайым жағдайлардың салдарынан 16 адам мерт болды. Өндіріс орындарындағы қауіпсіздікті тексерген прокурорлар осындай былықты ашты. Сондай-ақ медицина мекемелері берген 22 анықтама бойынша арнайы тергеу-тексеру жүргізілмеген. Еңбек құқығының бұзылуына байланысты 1,5 мыңнан астам адамның өтініш-шағымы толық қаралмаған. «Өндірістік жарақаттың алдын алу ісінде де кемшілік көп», - дейді мамандар.

Нұрсұлу Пряхина, облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы:

- Ауыр және өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар орын алған 9 кәсіпорын тиісті профилактикалық іс-шаралармен қамтылмаған. Осыған байланысты полицияның және Еңбек инспекциясы департаментінің ақпараттық базаларын ықпалдастыру мәселесін пысықтап, мәліметтердің тұрақты түрде салыстырылып отыруын қамтамасыз ету ұсынылды. Барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы прокурорлық ден қою шараларын қабылдады.

Сондай-ақ оқыңыз: