Аралға биыл мол су келеді
Теңізге түскен ылғалдың жалпы жиынтығы - 23,5 текше шақырым. Су ресурстары және ирригация министрінің айтуынша, трансшекаралық өзен-көлдер бойынша Қазақстан барлық іргелес мемлекеттермен құқықтық база қалыптастырған. Екіжақты комиссия жұмыс істейді. Өзбекстанмен трансшекаралық су объектілерін бірлесіп қадағалау және тиімді пайдалану туралы келісім бар. Осының нәтижесінде Солтүстік Аралға Сырдариядағы қоймалардан, үздіксіз су келіп тұрады. Тіпті су аз кезеңдерде де үзілмейді.
Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:
- Сырдария өзенінің жұмыс режимін келісу нәтижесінде солтүстік аралға судың тұрақты келуі қамтамасыз етілді.Соның нәтижесінде солтүстік аралдың көлемі 2023 жылдың басында 18 млн текше метрден 23 млн текше метрге ұлғайтылды.