Астанада тұрғындарды тіркеу тәртібіне өзгерістер енгізілді

Астанада тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу тәртібі өзгерді. Енді жалға алушыларды және басқа да бөгде азаматтарды уақытша немесе тұрақты тіркеу кезінде үйдің ауданы ескеріледі. 

Түзетулерге сәйкес әр адамға 15 шаршы метрден келуі керек. Егер одан асып кеткен жағдайда бұл іс мүмкін болмайды. Дегенмен жаңа талап мүлік иесінің туыстары мен отбасы мүшелеріне қолданылмайды. Өзгеріс ертеңнен бастап күшіне енеді.

Зарина Алдажарова, Астана қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл нормативтің негізгі мақсаты – «резеңке пәтерлер» деп аталатын құбылысты жою, сондай-ақ елорда тұрғындарын нақты есепке алу. Мұнда тұрғын үйдің пайдалы алаңы есепке алынады. Оған жатын бөлме, қонақ бөлме және балалар бөлмесі кіреді.

Сондай-ақ оқыңыз: