Қазақстанның халықаралық әуе бағыттары 161-ге жетті

Қазақстанмен тікелей әуе қатынасы бар елдердің саны 25-тен 32-ге дейін, ал халықаралық бағыттардың саны 74-тен 161-ге дейін артты.

Еліміздің авиациялық қауіпсіздік саласындағы ICAO стандарттарына сәйкестік деңгейі 95,7%-ға жетті. Әуежай инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Тамыз айында Арқалық әуежайын реконструкциялау аяқталып, тұрақты әуе рейстері қайта жанданды. Жыл соңына дейін Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі аймақтарында жаңа әуежайлардың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. 2029 жылға дейін Астана, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Орал және Жезқазған қалаларында ұшу-қону жолақтарын салу және реконструкциялау, сондай-ақ еліміздің ірі әуежайларының терминалдарын жаңғырту көзделген.

Сондай-ақ оқыңыз: