Елде биыл 11 мың км жол салу және жөндеу жұмыстары жүргізілді

Оның ішінде 3,4 мың шақырымда құрылыс жұмыстары атқарылды. 5 мың шақырымға жуық республикалық жолдарға және 2,4 мың шақырым жергілікті маңызы бар жолдарға жөндеу жүргізілді.

Ірі жобалар қатарында «Ақтөбе-Қызылорда», «Бейнеу-Сексеуіл», «Сарыағаш стансасын айналып өту», «Жаңаөзен-Түркіменстан шекарасы», «Орталық-Батыс» және «Қарағанды-Жезқазған» тас жолдары бар. Сонымен қатар «Бейнеу-Сексеуіл», «Ұлғайсын-Сексеуіл» және «Қызылорда-Сексеуіл» жобалары да ерекше маңызға ие. Дәл осы жобалар ел аумағы арқылы Қытай-Еуропа бағыты бойынша жүктерді жеткізу мерзімін үштен бірге қысқартуға, транзит уақытын үш тәулікке дейін азайтуға мүмкіндік береді. 37 өткізу пунктінде қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Автомобиль инфрақұрылымын дамыту мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып қала береді. 

Мақсат Қалиақпаров, ҚР Көлік вице-министрі: 

- Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде көлік саласын жаңғырту жұмысы жалғасып жатыр. Негізгі мақсат заманауи әрі тиімді логистика жүйесін қалыптастыру. Бұл экономикалық өсімге және Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінде көлік саласы – ел экономикасының маңызды драйвері. Оның ЖІӨ-дегі үлесі шамамен 6 пайыз. Барлық көлік түрі бойынша ауқымды жобалар іске асуда.

 

Сондай-ақ оқыңыз: