Мал ұрлығына қатысы бар 460-қа жуық күдікті ұсталды
Ішкі істер министрлігі жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар 460-қа жуық адамды ұстады, деп хабарлайды «24KZ».
Олардың ішінде 107 қылмыстық топтың мүшелері бар. Заңды иелеріне үш мыңнан астам мал қайтарылды.
Тамыз айында Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері жылқы және ірі қара мал ұрлығына қатысты бірқатар қылмыс жасады деген күдікпен екі адамды ұстады. Олардың тоғыз қылмыс эпизодына қатысы бары анықталды. 15-тен астам мал басы ұрланған. Күдіктілер жайылымда жүрген малды ұрлап, оны шалғай елдімекенге айдап апарып, сонда сойған. Ал етті кейіннен сату мақсатында Ақтөбе облысына жеткізіп отырған.
Күдіктілер қамауға алынды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз