Қостанай облысында ауыз су тарифі 45 есе төмендеді

Қостанай облысының Глебовка ауылында ауыз су тарифі 45 есе төмендеді. Былтыр ауылда жаңа су құбыры желісі іске қосылған еді. 

Содан бері тұрғындар бір текше метр су үшін 5 мың 520 теңге төлеп келген. Себебі жергілікті билік субсидиялау шарасын қарастырмаған. Прокуратураның араласуынан кейін тариф қайта бекітілді. Қазір бір текше метр ауыз судың бағасы 116 теңге болды. 

Қостанай облысының Глебовка ауылында ауыз су тарифі 45 есе төмендеді. Былтыр ауылда жаңа су құбыры желісі іске қосылған еді. Содан бері тұрғындар бір текше метр су үшін 5 мың 520 теңге төлеп келген. Себебі жергілікті билік субсидиялау шарасын қарастырмаған. Прокуратураның араласуынан кейін тариф қайта бекітілді. Қазір бір текше метр ауыз судың бағасы 116 теңге болды. 

Мирас Мизанбаев, Денисов ауданы прокурорының міндетін атқарушы:

Заңнамада ауызсудың құнын субсидиялау қарастырылған. Алайда Глебовка ауылындағы су тарифін төмендету бойынша тиісті шаралар уақытылы қабылданбаған. Прокурорлық қадағалау актісінен кейін ауыз су тарифі субсидияланатын қызметтер тізіміне енгізілді. Осының нәтижесінде 430 тұрғынның, оның ішінде 21 кәсіпкердің құқығы қорғалды.

Сондай-ақ оқыңыз: