Елге 3 млн кадр қажет: сұраныс қай салада?

2035 жылға дейін ел экономикасына 3 миллионға жуық маманның қажеттілігі туындайды. Олардың 1,8 миллионы жұмысшы мамандықтары. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мәлімдеді. 

Сөзіне сүйенсек, бүгінде республикадағы жұмыс күшінің саны 9,8 миллион адамға жетеді. Жұмыспен қамту деңгейінің үлесі – 96 пайыз. Еңбек ресурстарының басым бөлігінде техникалық және кәсіптік білім бар. Алдағы 9 жылда ең жоғары сұраныс өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы және IT саласында қалыптасады деп болжанып отыр. Сондай-ақ ведомство басшысы нарықта жұмысшы кадрларға тұрақты сұраныс барын айтты. Электрондық еңбек биржасына орналастырылған бос жұмыс орындарының жартысынан астамы – жұмысшы кәсіптер екен.  

Сондай-ақ оқыңыз: