Елде колледждердің әлеуетін арттыруға басымдық беріледі
Елдегі колледждердің 70 пайыздан астамы 40 жыл бұрын салынған. Осыған байланысты Олжас Бектенов 1 қарашаға дейін бұл оқу орындарының заманауи инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Үкімет басшысы Президенттің еліміз ірі құрылыс алаңына айналуы тиіс деген тапсырмасын еске салып, колледждерді жаңғыртуға да ерекше мән берілетінін айтты. Жоспар бойынша 2027-2030 жылдары жаңа колледждер салынып, қолданыстағы оқу орындары кешенді түрде жаңартылады.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Еліміз алып құрылыс нысанына айналуға тиіс. Аталған міндет аясында Мемлекет басшысы колледждерді салу мен оларды кешенді түрде жаңғырту тәсілдерін де мақұлдады. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, осы жылдың 1 қарашасына дейін Үкіметке 2027-2030 жылдарға арналған техникалық және кәсіптік білім берудің заманауи инфрқұрылымсын дамыту бағдарламасын енгізуді тапсырамын.