ШҚО-да дабыл қондырғылары орнатылады

Шығыс Қазақстан облысында жылу беру маусымы басталғанға дейін жеке сектордағы үйлерге 600 дабыл қондырығысы орнатылады. 

«Мұндай қондырғылар улы газ тараған жағдайда автоматты түрде іске қосылып, қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі», - дейді мамандар. Соңғы бес жылда осы дабыл тетіктері 45 адамның өмірін сақтап қалған. Өрт сөндірушілер әр үйге барып, пештерді тексеріп жүр. Мамандар, әсіресе көпбалалы және аз қамтылған отбасылар тұратын үйлерді назарда ұстап, мұржаларын тазартуға көмектесіп жатыр.

Марина Лискова, ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы:
-
 Біздің мамандар тек пештерді ғана тексермейді. Тұрғындармен сөйлесіп, қандай жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі туралы айтып, ескерту жасайды. Кейбірінің мұржасы бітеліп қалса, енді бірінің пешінің қабырғасы жарылып тұрады.Осының барлығын суық түскенше ретке келтірген дұрыс.

Сондай-ақ оқыңыз: