Алматыда заңсыз онлайн-казиноның жолы кесілді

Алматыда заңсыз интернет-казинолар желісінің жолы кесілді. Қылмыстық жүйенің негізгі қатысушыларының бірі шетелдік болған. 

Ол азаматтарды тауып, олардың банк шоттарына иемдену үшін 200 долларға дейін ақша төлеген. Кейін дропперлерді Қазақстанға әкеліп, ЖСН рәсімдеуіне және банк шоттарын ашуына көмектескен. Тергеу мәліметінше, күдіктілер заңсыз онлайн ойын алаңдарының төлем инфРақұрылымын ұйымдастырған. Ойыншылардан түскен қаражат арнайы платформа арқылы қабылданып, өңделіп отырған.

Ернар Тайжан, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Күдікті 15 шетелдік азаматтың және өзінің банк шоттарын пайдаланған. 16 дроппердің шоттарына түскен қаражаттың жалпы көлемі 110 млн теңгеден асқан. Күдіктілердің біреуі қамауға алынды. Тағы үшеуіне ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыз: