300 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдарымен қамтылды

Биыл 300 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалту құралдарымен қамтылды. 26,3 мың адам жеке көмекшіге, 7,6 мыңы ымдау тілі маманына жүгінген. 86 мыңға жуық азамат шипажайда ем алды.

Қазір жүйеде оңалту құралдарын жеткізетін 834 компания тіркелген. 33 мыңнан астам жеке көмекші мен 802 ымдау тілі маманы бар. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін 631 медициналық-әлеуметтік мекеме жұмыс істейді. Азаматтар жеке оңалту жоспарына сәйкес, қажетті құралдар мен қызметтерді өздері таңдап, тапсырыс бере алады. Бұған қоса протездік-ортопедиялық, гигиеналық құралдар, сурдотехникалық және тифло-техникалық құрылғылар, жүріп-тұруға арналған арнайы жабдықтар беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз: