Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес күшейді

Интернетте алаяқтар көбейіп барады. Былайғы жұрт сенбегенмен, олардың арбауына түсіп қалатындар бар. Осы себепті құқықтық сауатты арттыру маңызды. Бүгінде 31 мыңнан аса заңсыз интернет-ресурсқа тосқауыл қойылған.

5 SIM-box құрылғы және 13 мыңнан астам SIM-карта тәркіленді. 

Ішкі Істер министрлігі кибералаяқтықпен айналысқан 2 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті. Жыл басынан бері білім, денсаулық ұйымдары, банктер мен кәсіпкерлік нысандарда 90 мыңнан астам профилактикалық кездесу өтті. Ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, жалған нөмірлерден жасалатын халықаралық қоңыраулар бұғатталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: