Голан жоталарыдағы ел саперлерінің мінсіз міндеті
Голан жоталарында екі мыңнан аса жарылғыш зат пен оқ-дәрі жойылды. Жауапты әрі қауіпті жұмысты атқарған қазақстандық саперлер.
Бұл БҰҰ-ның бөліну аймағын бақылау жөніндегі миссия құрамындағы үшінші ұлттық контингенттің инженерлік-саперлік тобы. Олардың мақсаты – жарылғыш заттарды анықтап, залалсыздандыру және жою. Осылайша әскери қызметшілер жүктелген міндетті мінсіз орындап, аймақтың тұрақтылығын қамтамасыз етіп жүр.