Жұмыссыздық алимент төлеуден босатпайды: борышкерлерге жауапкершілік ескертілді
Қазақстанда алиментті жүйелі түрде төлемеген борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бұл туралы сот орындаушысы Дәурен Оңласын мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Оның айтуынша, ата-ана алимент төлеуден үш айдан астам уақыт бойы жалтарса, Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін. Жаза ретінде 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе бас бостандығын шектеу де қарастырылған.
Бұл ретте ресми жұмыстың болмауы алимент төлеу міндетінен босатпайды. Мұндай жағдайда берешек Қазақстандағы орташа жалақы мөлшеріне қарай есептеледі.
Ал қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болмаған жағдайда сот шешімін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.