Astana Finance Days форумы аяқталды

Елордада тоғызыншы халықаралық қаржы форумы Astana Finance Days өз жұмысын аяқтады. Оған әлемнің 90 елінен 8 мың қатысушы жиналды.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңы жаһандық қаржы жүйесінің сарапшыларын, технологиялық сектор көшбасшыларын және топ-менеджерлердің басын қосты. Форум жұмысына активтерді басқару саласындағы әлемдік индустрия алпауыттары қатысты. Қатысушы компаниялардың басқаруындағы жиынтық капитал көлемі 26 трлн доллардан асты. Форум қонақтары жаһандық қаржы жүйесі құрылымының трансформациясы, нақты активтерді токенизациялау, жасанды интеллектіні дамыту, инвесторлардың құқықтарын қорғау және ауқымды инфрақұрылымдық бастамаларды жүзеге асыру мәселелеріне назар аударды.

Сондай-ақ оқыңыз: