Фитосанитарлық қауіпсіздік назарда

Зиянкестер шекара талғамайды. Орталық Азия елдері қауіпті жәндіктермен бірлесіп күресу керек. Алматыда осы тақырыпта халықаралық семинар өтті.

Бес мемлекеттің мамандары қатысқан жиында климаттың өзгеруі, зиянкестердің жаңа аумақтарға тарауы сөз болды. Халықаралық сауданың артуы да зиянкестердің таралуына мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан мемлекеттер өзара ақпарат алмасып, ортақ шаралардың маңызына тоқталды. Мамандар фито-санитарлық бақылауда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану керек дейді. Халықаралық семинарды Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ Өсімдіктерді Қорғау және Карантин ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды.

Бақытжан Дүйсембеков, «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ Өсімдіктерді Қорғау және Карантин» ҒЗИ Басқарма төрағасы:

- Заманауи технологияларды қалай бірге қолданып, осы зиянды организмдерге күресу шараларын жасау. Заманауи құралдарды пайдаланып, жас мамандарды, ғалымдарды осы бағытқа оқытып, біліктіліктерін арттырып, ортақ жұмысшы топ құру.

Сондай-ақ оқыңыз: