Әлемде артық салмағы бар балалар көбейіп барады

Әлемде 6-9 жас аралығындағы балалардың 23 пайызында артық салмақ бар. Ал 6 пайызында семіздік анықталған. Бұл – жақында жүргізілген халықаралық зерттеудің нәтижесі.

Жасөспірімдердің 17 пайыздан астамы энергетикалық сусындарды апта сайын тұтынады. Біздің елде осы себепті 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынды. Былтыр қыргүйектен бастап білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты енгізілді. Оған сәйкес ас мәзіріндегі қант пен тұз мөлшері азайтылып, көкөніс, жеміс-жидек және сүт өнімдерінің үлесі артты.

Сондай-ақ оқыңыз: