Елдегі спорт мектептерін қаржыландыру көлемі артты

Балаларымыз спортпен немесе дене шынықтырумен міндетті түрде айналысуы керек. Бұл – еліміздің жарқын болашағының кепілі. Осы мақсаттың жалпыұлттық мән-мағынасы айрықша.

Өйткені дене-бітімі әлсіз, рухы қауқарсыз халқы бар ел ешқашан озық, дамыған мемлекет бола алмайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттау кезінде осылай деді. Президент елде бұқаралық спортты дамытуға, өскелең ұрпақтың спортпен шұғылдануына айрықша мән беріп келеді. Биылдан бастап спорт мектептерінде әр балаға бөлінетін қаражат көлемі шамамен екі есе артты, яғни 233 мың теңгеден 415 мың теңгеге ұлғайды. Былтыр 220 мыңнан астам бала спорт үйірмесіне тегін барды. Осы мақсатқа қазынадан 50 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде дене шынықтырумен шұғылданатын азаматтардың саны 8 млн-нан асты.

Сондай-ақ оқыңыз: